Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзен арнасына лас су ағызған алматылыққа айыппұл салынды

Өзен арнасына лас су ағызған алматылыққа айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция құқық бұзушыны «Казачка» өзеніне лас суларды заңсыз ағызғанын анықтау бойынша жергілікті іс-шара жүргізу кезінде анықтады.

– Рейдтің негізгі мақсаты – «Казачка» өзенінің ластану көздерін анықтау және бұзушылықтар анықталған кезде оларды жою болып табылады. Ашық факт анықталды. Жергілікті тұрғын – А.есімді азамат, көшедегі дәретханадан нәжісті осы өзенге ағызды. Ол бұл әрекеті үшін ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, біз анықталған заң бұзушылықтарды дереу жоюды талап еттік, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Полицейлер бұл іс-шараның, Алматы қаласы экология Департаменті, Медеу аудандық ПБ ЖПҚБ экологиялық полициясы, Медеу ауданы әкімінің аппараты, «Қазгидромет» РМК, Алматы қаласы Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті, Балқаш-Алакөл бассейндік су қорын реттеу мен қорғау инспекциясы және Алматыдағы азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп өткізілгенін түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру