Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде тағы бір мектепке “бомба қойылды”

Жалған ақпарат таратқан адамды ақтөбелік полицейлер іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы ПД ҚҚБ электрондық поштасына Тургенев көшесі 75 мекенжайындағы ҚазГЗУ мектеп-гимназиясының ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шығып, ғимаратты жарылғыш құрылғылардың бар-жоғына тексеру ұйымдастырылды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Полиция департаменті анонимді хабарламаның авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру