Ақтөбеде 4 көліктің қатысуымен жол апаты орын алды
Ақтөбеде төрт көліктің қатысуымен жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қыркүйекте «Lexus Rx330» автокөлігінің жүргізушісі Санкибай батыр даңғылымен келе жатып, 101-атқыштар дивизиясы көшесімен қиылысында ҚР ЖҚЕ бұзып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, «Toyota Аvensis» автокөлігімен соқтығысқан.
Соқтығысудан «Lexus Rx330» автокөлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа «Hyundai Solaris» автокөлігімен соқтығысқан, кейін сол соқтығысу салдарынан «Hyundai Solaris» автокөлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, «Hyundai Elantra» автокөлігіне соққан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Hyundai Solaris» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.
ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.