"Арзан бағада мал алып беремін": шымкенттік тұрғын 3 млн теңгесінен айырылды
Шымкентте полицейлер алаяқтық жолмен тұрғынның үш миллион теңгесін алып кеткен ер адамды қолға түсірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, өзінің танысы арзан бағада мал алып беремін деп, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен үш миллион теңгесін алып кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғын анықталып, басқармаға жеткізілді.
Өз кезегінде, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарын бөгде адамдарға сеніп, алданып қалмауға кеңес береді.