Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да екі адам 10 млн теңге сақталған сейфті көтеріп кетті

ШҚО-да екі адам 10 млн теңге сақталған сейфті көтеріп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасында Риддер қ.ПБ «102″ жедел арнасына 35 жастағы жергілікті тұрғыннан сағат 07.30-дан 09.30-ға дейінгі уақыт кезеңінде белгісіз тұлға пластикалық терезені сығу жолымен үйіне заңсыз кіріп, қосалқы үй-жайдан жасырын түрде ішінде алтын сақина, үйге арналған құжаттарды, 1843 жылы шығарылған мыс монетасын, «Еңбегі үшін» медалін және сегіз миллион теңге сақталған металл сейфті  ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Жалпы келтірілген материалдық шығын 10 миллион теңгені құрады.

Іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері «ізін суытпай» бұрын бірнеше рет сотталған 30 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады. Олар ұрланған мүлікті ішінара қайтарған.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.


Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық
Кодексінің 188-бабы 4-бөлігірлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру