Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Орал қаласында чемпион-қызметкердің ата-анасы марапатталды

Орал қаласында самбо күресінен 1-орын алған қызметкердің ата-анасы марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 15-18 -і аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласында ҚР Ішкі істер министірлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері арасындағы самбо күресінен IХ чемпионаты өткен болатын. Осы жарысқа Батыс Қазақстан облысы ҚАЖД РУ-170/3 мекемесінің кадр саясаты тобының кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындық жөніндегі аға инспекторы Алибек Танкишев 62 келі салмақ бойынша 1-жүлделі орынға ие болды. Бұған дейін 2015 жыл, 2016 жыл, 2017 жылдар аралығында ҚР ІІМ ҚАЖК арасында 1-орын алып, 2017 жылдарда Атырау облысында құқық қорғау органдары мен күш құрлымдары арасында самбо күресінен 3-орын иеленді. Мекеме бастығы ата-анасын Танкишева Сағида Танкишев Нұртай Ормантайұлыны қабылдап, осындай бала тәрбиелегені үшін М.Сабиров өз атынан және мекеме қызметкерлері атынан Алғыс хат беріп құттықтады және “Кеңес әскерінің Ауғанынан шығарылғанына 30 жыл” мерекелік төсбелгісімен марапаттаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру