Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тәулік ішінде 70-ке жуық терезесі күңгірттелген жүргізушіге хаттама толтырылды

Шымкентте тәулік ішінде 70-ке жуық терезесі күңгірттелген жүргізушіге хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында терезесі күңгірттелген ВАЗ маркалы автокөлігін байқап, тоқтатқан. Көліктің терезесі күн сәулесі өту мөлшері ережесіне сай келмеген.

Нәтижесінде, автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ 28 қыркүйек күні тәулік ішінде терезесі күңгірттелген 69 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру