Түркістан облысында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Түркістан облысында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ-нің арнайы нұсқауына сәйкес республика көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 1 желтоқсанға дейін өткізілмек. Осы бағытта барлық ауданның ПБ қызметкерлері де қарқынды жұмысқа кірісті. Іс-шараның негізгі мақсаты – халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату, сондай-ақ қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде экстремизм және терроризм деректерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, көші-қон қызметіне бақылау жасау мақсатында әрбір пәтер мен жеке үйлерді аралап, тұрғындар жайлы ақпарат жинақтау болып табылады.
Оған қоса Ордабасы ауданының ПБ қызметкерлері 12 қолайсыз отбасымен кездесу ұйымдастырды. Сонымен қатар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасы рөлін күшейту мақсатында Ордабасы ауданының ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Гүлсін Бекбаева учаскелік полицейлермен бірлесіп, адамдар көп шоғырланған аймақтарда 300 дана үнпарақша таратты. Сондай-ақ қабылдауға жазылған 12 тұрғынға заңды кеңестер беріліп, отбасы тұрмыстық салада профилактикалық есепте тұрған 28 азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кететін жайт, аталмыш профилактикалық іс-шара 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон, криминалдық және патрульдік полиция және басқа да қызметтердің қатысуымен әрбір учаскелік аумақтардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар өз нәтижесін береді деген сенімдеміз.