Қоғамдық жұмысқа тартылған 57 сотталған қамаққа алынды
Алматы облысында қоғамдық жұмысқа тартылған сотталғандар қамаққа алынды деп, – хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты пробация қызметкерлерінің жұмыс нәтижесінде жыл басынан қоғамдық жұмысқа тартылған 57 сотталған қамаққа алынған.
Тағы 5 сотталғанға қатысты жазаны ауыстыру іс құжаттары аудандық соттарда қарастырылуда.
– Пробация қызметі бойынша жыл басынан қоғамдық жұмысқа тартылған 520 сотталған есептен өткен. Оның ішінен қоғамдық жұмысты орындаудан бас тартқан немесе жалтарып жүргендер қамаққа алынды, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жанибек Косжанов.
Сонымен қатар, жазадан жалтарып іздеуде жүрген екі сотталғанның да жазасы қамаққа алуға ауыстырылмақ.