Қарағанды облысында шаруа қожалығынан жылқы ұрланды
Қарағанды облысында шаруа қожалығынан жылқы ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 қыркүйекте шаруа қожалықтарының бірінің 61 жастағы басшысы Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне хабарласқан. Жәбірленушінің айтуынша, түнгі мезгілде белгісіз біреу қораға кіріп, жылқыны ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион 69 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы (Мал ұрлығы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
28 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – Қарағанды қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, ұрланған жылқы жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.