Түркістан облысында айыппұл төлемеген 9 азаматтың көлігі айыптұраққа қойылды
Түркістан облысында айыппұл төлемеген тоғыз азаматтың көлігі айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түрістан облысы аумағында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шараның мақсаты – әкімшілік құқықбұзушылық бұзу бойынша салынған әкімшілік айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды анықтап, оларға әкімшілік шара қолдану. Сондай-ақ бұл қызметке жеке сот орындаушылары да жұмылдырылуда.
Осыған орай аталған шара аясында Сарыағаш АПБ қызметкерлері екі күн ішінде жол ережесін бұзу бойынша салынған айыппұлды төлемеген тоғыз азаматты анықтады.
Бұл ер азаматтардың автокөліктері айыптұраққа қойылды.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері аудан тұрғындарына әкімшілік айыпұлды уақытында төлеу керектігін ескертеді. Сонымен қатар айыппұл төлеу мүмкіншілігі кеңейгендігі яғни айыппұл сомаларын электронды порталдар арқылы тексеріп, ұялы телефонға жүктелген банк қосымшалары немесе интернет сайттары қызметімен төлеуге болатындығы туралы хабарлайды.