Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада аса ірі көлемде гашиш сақтағаны үшін оңтүстік өңірдің тумасы ұсталды

Ақмола облысының аумағында аса ірі көлемде гашиш сақтағаны үшін оңтүстік өңірдің тумасы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының аумағында “Заклад” арнайы операциясын өткізу нәтижесінде гашишті аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін жұмыссыз, 43 жастағы оңтүстік өңірдің тумасы ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер ер адамның “гашиш” есірткі затын заңсыз өткізумен айналысатынын анықтады.

Жалға алынған пәтерді тінту кезінде жалпы салмағы 214,86 грамм болатын 21 пакет табылып, тәркіленді.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

– Бұл ағымдағы жылы анықталған есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтаудың алтыншы фактісі. Жылдың басынан бері заңсыз айналымнан 31 келіден астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 17 келіден астам гашиш, бір жарым килограмм героин, 550 грамм синтетикалық есірткі, 505 грамм ұйықтататын көкнәр (130 түп), сондай-ақ қарасора тұқымдас өсімдіктердің 150 түп (60 келіден астам) тәркіленді, – деп атап өтті Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру