Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 32 жастағы алаяқ әйел үш адамды алдап кетті

Атырауда 32 жастағы алаяқ әйел үш адамды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде атыраулық әйел үш адамға арзан бағамен доллар алып беремін деп алдап кеткен. Шығын көлемі шамамен 1 миллион 300 мың теңгеден асады. Бар жиған-тергенін айлакердің есепшотына аударғандар әділдік іздеп полицияға хабарлама берген. Полицияның мәлімдеуінше, күдікті әйел 34 жастағы қала тұрғынынан 645 000 теңгесін алдап алған. Ал екі бірдей 36 жастағы азаматшалардың бірінен 300 000 теңге, екіншісінен 400 000 теңгесін алған. Осылайша, азаматтар қолындағы қаржысын алаяққа санап беріпті. Алайда әлгі әйел уәде етілген арзан долларды да, теңгелей қаржыны да қайтармастан із-түссіз жоғалған.

– Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тұрғындар осы тектес арзан тауар немесе жеңілдікпен қызмет көрсетемін деген хабарламалардың дұрыстығын тексермей, қаражат аудармаулары қажет. Және де интернет алаяқтықпен күресте ең бастысы кез-келген азамат өзінің жеке құжаттары мен деректерінің құпиялылығын қамтамасыз ету қажет, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру