Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада 19 жастағы жігіт есірткімен ұсталды

Астана қаласында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын сақтады және таратты деген күдікпен 19 жастағы жігітті ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жас жігіт мінген Jac автокөлігі тоқтатылды. Аталған көлікті оның құқыққа қайшы әрекеттер жасау мақсатында жалға алғаны анықталды.
Көлікті тінту барысында полицейлер жүксалғыштан құрамында мефедрон есірткі заты бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған түйіншекті тапты.

Күдіктінің уақытша тұратын жалдамалы пәтерін тінту кезінде осыған ұқсас зат салынған тағы 20 ірі түйіншек анықталды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 1 келіні құрады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы және өзге де қатысы бар тұлғалар анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру