Өскемен тұрғынын танысы алдап, 9,5 млн теңгесін иемденіп кетті
Өскемен тұрғынын танысы алдап, ақшасын иемденіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ-нің кезекші бөліміне 47 жастағы қала тұрғыны 2021 жылдың қаңтар айының басынан мамыр айының басына дейінгі кезеңде оның таныс адамы үйінде болған аралықта автомашиналар мен пәтерлерді төмен бағамен сатып алу сылтауымен 9,5 миллион теңгеден астам сомадағы ақша қаражатын алдау жолымен иемденгенін, кейін оны қайтармағанын хабарлап, жүгінді.
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері өз кінәсін мойындаған, 45 жастағы жергілікті тұрғынды жеткізді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі бойынша ірі көлемде жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.