Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын алдаған бойжеткенді анықтады

Түркістан облысының полицейлері Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын алдаған бойжеткенді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт ауданы ПБ кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан арыз келіп түскен. Онда «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы белгісіз азамат өзінің туысы екенін айтып, ақша сұраған. Осылайша оның сөзіне иланған әйел банк қосымшасы арқылы 50 мың теңге ақша аударған.

Алайда арада біршама уақыт өткен соң ондай танысының жоқтығын біліп, істің ақ-қарасын ажырату мақсатында полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Аталған дерек ҚК 190-бабы (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді. 

Сақшылар қылмысты дер кезінде ашу мен алаяқ құрбандарының саны одан әрі артып кетпес үшін тәжірибелі қызметкерлерден топ құрды. Олар күдіктіні анықтауға бағытталған шаралардың барлығын атқарды.

Нәтижесінде алаяқтық қылмысын жасаған күдікті ретінде қазығұрттық бойжеткен қыз ұсталды. Ұсталған қыз «WhatsApp» желісі арқылы өзін туысы ретінде таныстырып, сеніміне кірген. Содан соң ақшаның қатты керек болып тұрғанын айтып, есепшотын ұсынған. Ал жәбірленуші әйел қыздың сөзіне алданып, ақшаны еш ойланбастан аударып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Осы тұста полицейлер тұрғындарға ескертеді: кез-келген бейтаныс адамға сенім артып, қажетті деген құжаттарды, жеке мәліметтеріңізді ақшаларыңызды беруден абай болыңыздар. Сондай-ақ ақша беру, ақша аудару, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болу қажет. Ақшаны тек белгілі және заңды банктер ғана тиісті мөлшермен еселеп беретінін естен шығармаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру