Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Автобус” іс-шарасы: Түркістан полицейлері 600-ден астам бұзушылықты анықтады

Түркістан полицейлері “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 600-ден астам бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4-13 қазан аралығында Түркістан облысының аумағында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік тәртібін арттыруға бағытталған «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараға 400-ден астам полиция қызметкерлері мен басқа да қатысы бар сала қызметінің өкілдері жұмылдырылды. Олар қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде. Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін сақтауға, тасымалдауды ұйымдастыруға, жолаушылар көлігін техникалық байқаудан өткізуге, жүргізушілер мен автобустарды рейс алдында және тексеруден өткізуге, заңсыз қайта жабдықтау және басқа да құқық бұзушылық деректерін анықтауға ерекше назар аударды.

«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Түркістан облысының жолдарында полиция қызметкерлері автобус жүргізушілері жасаған 628 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 6 жайттың жолын кесті. Жолаушыларды, жүк салғыштармен және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін – 61, заңсыз қайта жабдықтағаны үшін – 34, рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпегені үшін 14, сақтандырудың болмағаны үшін мемлекеттік және міндетті техникалық байқаудан өтпеген 35 және 87 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жылдамдық режимін бұзғаны үшін 10 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 101 және автокөлікті басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін – 133 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 39 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері 175 автобусты жылыту мен электр жабдықтарының жағдайына сәйкестігін тексерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру