Шымкентте мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған жүргізуші анықталды
Шымкентте мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қазанда Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Subary маркалы көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқарғаны үшін тоқтатқан.
Аталған жайт бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабымен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Ал автокөлік айыптұраққа қойылды.
Осы орайда, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару 10 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынатыны туралы түсіндірілді.