Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов облыс жолдарындағы жағдай туралы баяндап берді
Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов облыс жолдарындағы жағдай туралы баяндап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство басшысы атап өткендей, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және апаттылық деңгейін төмендетуге ел басшылығы да, Ішкі істер министрлігі де ерекше көңіл бөледі.
Ағымдағы жылдың 9 айында облыс жолдарында 391 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 68 адам қаза тауып, 520 адам түрлі жарақаттар алды.
Бұл ретте, жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – жүргізушілердің жеке тәртіпсіздігі, соның салдарынан қарсы қозғалыс бағыттағы жолағына шығу, қозғалыс жылдамдығын арттыру, маневр жасау ережелерінің бұзылуы, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту қағидаларының бұзылуы және көлік құралдарын шаршаңқы күйде басқару сияқты бұзушылықтар жасалады.
– Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жол қозғалысын қадағалау кезінде 70 мыңға жуық ҚР Жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесті, оның ішінде 6,5 мың жылдамдық режимін бұзу және қарама-қарсы бағытқа арналған қозғалыс жолағына шығу фактілері анықталды, – деп жалғастырды Атығай Арыстанов.
Бұл мәселені шешу жолдарының бірі – жылдамдық өлшегіш функциясы бар автоматты құрылғы жүйелеріннің санын ұлғайту, олардың саны бүгінде облыс орталығы бойынша 21-ді құрайды. Облыс әкімдігінің қолдауымен жыл соңына дейін облыс орталығында 452 «Сергек» зияткерлік камералары бар 79 аппараттық-бағдарламалық кешен және қоғамдық қауіпсіздік бойынша 2400 камера орнату жоспарлануда, бұл жүргізушілерді тәртіпке келтіруге және қала жолдарындағы апаттылық деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Жаяу жүргіншілер жолдың жүріс бөлігін кесіп өту кезінде мұқият болуы және қырағылық танытуы тиіс дәрежесін қалайды. 9 айда олардың қатысуымен 120 ЖКО тіркелді, онда 12 адам қаза тауып, 110 адам жарақат алды. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 8 мыңнан астам жаяу жүргінші мен 2,7 мың жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Республикалық және халықаралық маңызы бар трассаларда 73 ЖКО орын алды, онда 33 адам қаза тауып, 115 адам жарақат алды. Оның ішінде ЖКО 82%-дан астамы халықаралық маңызы бар «Самара-Шымкент» (44 ЖКО) және республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау – РФ шекарасы» (16 АТС) автожолдарына тиесілі.
Жол-көлік оқиғаларының санын азайту және олардың зардаптарының ауырлығын төмендету мақсатында жоғарыда аталған автожолдарда «Қазавтожол» АҚ өкілдерінің қатысуымен тұрақты негізде «Жолдағы қабылдау» кең ауқымды акциялары өткізіледі, онда жол жүрісіне қатысушыларға, негізінен шет мемлекеттердің азаматтарына кемпингтер орналасқан орындарды белгілей отырып, жаднамалар мен апаттық-қауіпті учаскелердің карталарын таратып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 6 билборд және 47 макет орнатылды, оның ішінде 13 патрульдік машинаның және 34 жануардың макеті.
– Мас жүргізушілердің кінәсінен биыл 11 ЖКО тіркелді, онда екі адам қаза тауып, 16 адам түрлі жарақаттар алды, – деді Атығай Арыстанов.
Мас күйінде автокөлікті басқарудың мыңнан астам фактісінің жолы кесілді. Сондай-ақ, бұрын көлік басқару құқығынан айырылған 113 мас жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Ағымдағы жылы жол-техникалық инспекция қызметкерлері автомобиль жолдарына шамамен 1,8 мың тексеру жүргізді, олардың нәтижелері бойынша жолдарды күтіп ұстау бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөнінде 1,5 мыңнан астам ұйғарым берілді. Жолдарды күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін осы жұмысқа тікелей жауапты 231 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.