Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда полицияға 6 мыңға жуық жасөспірім жеткізілді

Жамбылда полицияға 6 мыңға жуық жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 9 айында Жамбыл облысының ішкі істер бөлімдерінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністерімен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылды.

Мәселен, полицияға түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 5790 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. 274 жасөспірім және 221 қолайсыз отбасы есепке алынды. Құқық бұзушылықтарды бірнеше рет жасағаны үшін девиантты мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепке 24 адам орналастырылды, 55 ата-ана немесе оларды алмастыратын адамдар ата-аналық құқықтарынан айырылды. ІІО есебінде барлығы 220 жасөспірім тұр.

Ағымдағы кезеңде 2875 бірлескен рейд өткізілді, оның ішінде жастардың шоғырлану орындарын тексеруге бағытталған мектепке қатысты 1701 рейдтік іс-шаралар барысында 5698 жасөспірім әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, оның ішінде спирттік ішімдіктерді ішкені үшін – 11, бұзақылығы үшін – 20, оқудан жалтарғаны, қаңғыбастық және қайыр сұрағаны үшін – 416 (барлығы КБО-ға орналастырылды), сонымен қатар түнгі уақытта қадағалаусыз қалғаны үшін 4591-і жеткізілді. Өткізілген рейдтік іс-шаралар кезінде 32 жағдайда спирттік ішімдіктерді пайдалануға жол берілмеді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барлығы 451 кәмелетке толмаған тұлға орналастырылды.

Нөлдік төзімділік бойынша рейдтік іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша-85, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша 103 кафе-бар қожайыны мен әкімшісі жауапкершілікке тартылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша балаларының түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болғаны үшін 159 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы заңнаманы бұзуға қатысты – 94 дерек, 21 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін, кальян және электрондық сигареттерді сатудың 5 дерегі анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын-жайдан тыс жерде болғаны үшін 4432 ата-ана жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру