Түркістан облысының полицейлері ел аумағына заңсыз кірген шетелдікті Алматыдан ұстады
Түркістан облысының полицейлері ел аумағына заңсыз кірген шетелдікті Алматыдан ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкелері аудан аумағындағы шетелдіктердің тиісті құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, Қазақстан Республикасы аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау мақсатында жедел-профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады.
Осындай шара барысында Сарыағаш ауданы, Бағыс ауылында орналасқан айналма тас жолы арқылы ҚР-ның аумағына заңсыз кіріп кеткен Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Ол жұмыс жасау мақсатында Алматы қаласында жүрген жерінен ұсталды.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК-нің 392-бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Бүгінгі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан қаласының полицейлері көші-қон заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында жазылған талаптарға қатысты құқықбұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді!