Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккендер саны артуда

Күн сайын Ақтөбе облысының 102 телефонына тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша ондаған қоңыраулар келіп түседі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Тоғыз ай ішінде учаскелік полиция инспекторлары отбасылық жанжалға қатысты 3,5 мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарды, – дейді Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Нұрлыбек Суентаев. – Яғни, біздің облысымыздың үш жарым мыңнан астам азаматқа жақындауға, қорлауға, қоңырау шалуға, әлсіз отбасы мүшелеріне – әйелдерге, қарттар мен балаларға күш көрсетуге, түрлі дене жарақаттарын келтіруге тыйым салынады.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 157 адам жауапқа тартылды.

Шын мәнінде, отбасылық зорлық-зомбылық статистикасы әлдеқайда жоғары, бірақ полицияға негізінен алкоголизм мен маскүнемдікке негізделген зорлық-зомбылық фактілері бойынша жүгінеді.

Кейбір тұрмыстық жағдайы жақсы отбасыдағы психологиялық және физикалық зорлық-зомбылық іштей жасырылады.

Тіпті қабырғасы сынған болса да, кейбір әйелдер өзін таяққа жыққан адамды айтпайды. Нәтижесінде жазаланбаған азамат одан да ауыр қылмыстарға барып жатады.

Тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша 1356 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алдын алудың пәрменді шараларының бірі қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішудің жолын кесу.

Бүгінгі күні учаскелік полиция инспекторларымен спирттік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарда масаң күйде болғаны үшін жеті мың азамат жауапқа тартылып, 143 маскүнем арнайы емдеу – профилактикалық мекемесіне емделуге жіберілді.

21 жасқа толмаған азаматтарға алкоголь өнімдерін сатудың 135 фактісінің жолы кесілді. Азаматтарға былапыт сөздер айту, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру, олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер – бұл әкімшілік жауаптылыққа – тұтқындауға әкеп соғатын құқық бұзушылық екенін еске салғым келеді.

Сондықтан, егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегіп, шағымданбай жүрген адамды білсеңіз, оған учаскелік полиция инспекторына жүгіну керектігін айтыңыз.

Үнсіздік ауыр қылмысты тудыруы мүмкін, өкінішке орай, мұндай фактілер бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру