Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 1 келі 200 грамм есірткіні үйіне жасырған күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері 1 келі 200 грамм есірткіні жасырған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Сарыағаш қаласында тұрғынның бірі есірткі затын сақтап жүргендігі жөнінде жедел ақпарат келіп түсті. Аталған жайт бірден ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алынды.

Елімізде заңмен тыйым салынған зиянды затты сақтап жүрген күдіктіні анықтау мақсатында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларына тез арада кірісті. Хабарлама бойынша толыққанды тексеру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттар жинақтады. Нәтижесінде күдікті ретінде Сарыағаш ауданы Тасқұлақ ауылының тұрғыны ұсталды.

Күдікке ілінген азаматтың үйін тінту барысында, ауласынан кептіріп қойған және ыдысқа салынған хош иісті есірткіге ұқсас затты тәркілеп алды. Аталған затқа сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 1 келі 200 грамнан асатын “кептірілген марихуана” болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары Сарыағаш аудандық ПБ-мен жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға есірткінің заңсыз айналымы мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондықтан әрбіріңіз өміріңізді құртатын құмарлыққа жол бермей, салауатты өмір салтын ұстаныңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру