Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының колониясына есірткі лақтыруға тырысқан ер адам ұсталды

Есірткіні Алматы облысының ЛА-155/12 мекемесіне лақтыруға тырысқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/12 қауіпсіздігі жоғары мекемесінде «марихуана» есірткі затын аумаққа лақтыру фактісінің алдын алды.

25 қыркүйек ЛА-155/12 мекемесінің іргелес аумағында патрульдеу кезінде жедел бөлімнің қызметкерлері және 3660 әскери қызметшілері 21 жастағы Ю. азаматын ұстады, оның жеке тексеру кезінде белгісіз жасыл түсті заты бар скотчпен оралған бір түйіншек табылды.

– Аталған факті бойынша Қапшағай қаласының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Сот-химиялық сараптама нәтижелері бойынша пакетте салмағы 48.75 грамм «марихуана» есірткі заты екені белгілі болды. Ю.есімді ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Қазіргі уақытта тергеу іс шаралары жүргізілуде. Күдікті ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 1-бөлігінде көзделген есірткі заттарын заңсыз жібергені немесе өткізгені үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын күтуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру