Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті 9 айды қорытындылады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті 9 айды қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ҚАЖ қызметінің 2021 жылғы 9 айындағы жұмысын қорытындылау бойынша жедел кеңес өтті.

Жедел кеңес жұмысына ҚАЖД және ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары, қалалық, аудандық пробация қызметтерінің бөлім бастықтары қатысты.

Жедел кеңесте Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел-қызмет жұмысының қорытындылары туралы департамент бастығының орынбасарлары М.Нәкенов, Ж.Әбдіқайыров жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері, мекмелердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстарға және пробация қызметінің жұмысына тоқталып өтті. Одан соң ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекеме басшылары да тоғыз айда атқарылған жұмыс нәтижелері туралы баяндама оқыды.

Департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы ҚАЖ мекемелерінде өткен жылмен салыстырмалы түрде ауқымды жұмыстар жүргізілгендігін атап өтіп, мекеме басшыларына сотталғандарды жұмыспен қамту, оларға көрсетілетін медициналық, психологиялық көмек бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырса, пробация қызметіне есептегі азаматтар тарапынан қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқару жөнінде тапсырма берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру