Атырауда тоқтап тұру ережесін бұзған 1,5 мыңан астам жүргізушіге айыппұл салынды
Атырауда тоқтап тұру ережесін бұзған 1,5 мыңан астам жүргізушіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қазан күні патрульдік полиция қызметкерлерімен Азаттық көшесінде орналасқан аялдамада қоғамдық көлікке арналған аялдамада тоқтап тұрған Ваз 2114 маркалы автокөлігі анықталып, оның 30 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабының 1-бөлігімен (Қоғамдық көлікке арналған аялдамада тұрғаны үшін) әкімшілік хаттама жасақталып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері мұндай жағдайлардың жол қозғалысының басқа да қатысушылары мен мен жаяу жүргіншілеріне жайсыздық тудырып қана қоймай, төтенше жағдайларды да жиі тудыратынын еске сала отырып, көлік жүргізушілерін мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.
Айта кетейік, жыл басынан бері полиция дәл осындай құқық бұзушылықты жасаған 1500-нан астам жүргізушіге әкімшілік айыппұл салды.