Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО тұрғыны өзіне хабарласқан интернет-алаяқты әшкереледі

СҚО тұрғыны өзіне хабарласқан интернет-алаяқты әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстың барынша көп тараған түрінің бірі – интернет-алаяқтық. Әдетте, қаскөйлер “банктен қоңырау шалу” схемасы бойынша ірі көлемде шығын келтіреді.

29 жастағы Петропавл қ. тұрғынына белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін Қазақстан Республикасы Банктер ассоциациясының қауіпсіздік қызметкерімін деп таныстырған. Жәбірленушінің жеке деректері қаскөйдің қолында болған. Ол әйелді атымен атап, Нұр-Сұлтан қаласындағы таныстары, оның атынан бес банктен несие рәсімдеуге тырысып жатқанын айтып, сендірген. Шығынды болдырмай, осы несиені жабу үшін басқасын ресімдеу қажет деген. Оның атқнадарын орындап, қала тұрғыны банктердің бірінен 600 мың теңге несие алған.

Сондай-ақ, алаяқ оған антивирус жүктеуді ұсынған. Алайда, қосымшаны жүктеу кезінде әйел шын мәнінде қашықтан қатынау бағдарламасы, бұл бөтен біреуге мобильді құрылғыны басқаруға мүмкіндік беретін қосымша екендігіне көз жеткізді. Ол алаяқтың құрбанына айналғалы отырғанын түсінген сәтте, бірден байланысты тоқтатып, полицейлерге жүгінген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-б. бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Интернет-алаяқтықтың алдын алу — полицейлер жұмысының маңызды бағыттарының бірі, — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев. – Желілік аферистер өздерінің құрбандарының жеке мәліметтерін жақсы біледі. Адамдар жалған “мамандарға” сенім артқандықтан, алаяқтарға барлық деректерді беріп қояды: нөмірлер, cvv-кодтар және банктік карталарының пин-кодтары, sms-хабарламалармен келетін бір реттік кіру кодтары. Полиция қызметкерлері ешкімге жеке және құпия деректерді бермеу керектігін өтініп, сұрайды. Банк қызметкерлері мұндай қоңырау шалуға, құпия деректерді сұрауға, клиенттің белгілі бір қаржылық операциялар жасауын талап етуге құқығы жоқ екендігін естеріңізге саламыз.

Жыл басынан СҚО полицейлері 125 интернет-алаяқтықты ашты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру