Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері мен динамошылар кросс өткізді

СҚО полицейлері мен динамошылар құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін кросс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдағы қалалық саябақта облыстың құқық қорғау қызметкерлері үшін күзгі кросс өткізілді. Спорттық іс-шараны “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамы және СҚО Полиция департаментінің Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы ұйымдастырды.

Жарысқа алғашқылардың бірі болып қыздар шықты. СҚО ПД өкілі Татьяна Долбышева үздік нәтиже көрсетті, айта кететіні, ол коньки жарысынан ҚР спорт шебері болып табылады. Екінші болып, іс-шараның құрметті қонақтары – ішкі істер органдарының ардагерлері шықты. Алғашқы болып мәреге Атымтай Аманжолов келді. 33 жас және одан жоғары жастағы топ өкілдері екі мың метрге жүгірді. Бұл арақашықтықта полиция қызметкерлері Дәурен Құрманов пен Нариман Ташимов жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындар ҚР Ұлттық ұланы әскери институтының және Төтенше жайғдайлар департаментінің, сондай-ақ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдеріне бұйырды.
Сайыста топ жарған спортшылар сыйға “Динамо” ДШСҚ логотипі бар спорттық костюмін алды, қалған жеңімпаздар мен ардагерлердің барлығына динамолық футболкалар табысталды. Марапаттау рәсімін СҚО ПД АЖДБ бастығы Жанат Сағденов өткізді.

– Жүгіру алаңында түрлі ведомство және түрлі буын өкілдерінің басын қосқан спорттық мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналды, – дейді ол. – Іс-шара құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін аса қажет шымырлықты нығайта түсуге және салауатты өмір салтын ұстанатындарын көрсетуге желеу болса, мамыражай күні алған жағымды эмоциялар мен сергектілік жақсы бонус болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру