Түркістан облысында «Заңсыз келуші» іс-шарасы қорытындыланды
Түркістан облысында «Заңсыз келуші» іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы 11-18 қазан күндері өткізіліп, Қазақстан Республикасына келу, болу және ҚР-дан кету Ережелерін бұзған барлығы 1917 шетелдік пен Қазақстан Республикасының азаматтары анықталды. Олардың әрқайсысына тиісті әкімшілік жауапкершілік қаралды. Аталған құқық бұзушылардың 119-ының Қазақстанда болу мерзімдері қысқартылса, ал 124 шетелдік ел аумағынан аластатылды. Сонымен қатар, 38 тұлға жеке басын анықтау үшін, қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды.
ҚР ҚК 392-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша Сарыағашта -1, ҚК 394-бабы 2-бөлігімен, яғни «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» Келесте -1, Сарыағашта -1 қылмыстық іс қозғалды. Ал ӘҚБтК 449-бабы 3-бөлігі «Адамдарды мазалап қайыршылық жасап жүрген шетелдіктерді анықтау» бойынша -15 жайт анықталды.
Сондай-ақ шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 447 адам, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – 82 Қазақстан Республикасының азаматтары анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптарының талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершіліктері қаралды.
Түркістан облысының полицейлері көші-қон заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында жазылған талаптарға қатысты құқық бұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді!