Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ЖШС-дан 5 млн теңгенің кеңсе жабдықтары ұрланды

Алматыда ЖШС-дан 5 миллион теңгенің кеңсе жабдықтары ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңсе жабдықтарының ұрлануы ЖШС қоймасынан орын алған. Бұл қылмысты жасауда ұйымның екі күзетшісі мен олардың сыбайласы әшкереленді. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам.

– Кәсіби шеберлік пен білікті басшылықтың арқасында аса ірі көлемде жасалған ұрлық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды, яғни қылмыс жасағандар әділ жазаланады деген сөз. Аға тергеуші Әлібек Шегіров пен Жетісу аудандық ПБ тергеу бөлімінің бастығы Талғат Қалиевтің қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғанын атап өткім келеді. Қызметкерлердің тергеуге сауатты көзқарасы, адвокаттың өтініштеріне шыдамдылық пен жауап беру, кәсіби ұқыптылық және егжей-тегжейге ерекше назар аудару тергеуде нүкте қоюға мүмкіндік берді. Төменгі бөлімшелерде қызмет ететін тергеу бөлімі қызметкерлерінің кәсіби және адами қасиеттерін Алматы полициясының басшылығына жеткізуді азаматтық борышым деп санаймын. Қол астындағыларыңыздың арасында осындай қызметкерлердің барынша көп болуын шын жүректен тілейміз. Олардың әрқайсысына ерлік істері үшін алғыс айтамыз, – деді зардап шеккен тараптың өкілі С.Ахметжанов өз алғыс хатында.

Қазіргі уақытта екі күдікті сотталды. Ал үшінші адам халықаралық іздеуге берілді. Ол Мәскеу қаласында ұсталды. Ұсталған азамат Қазақстанға экстрадицияланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру