Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында кәсіпорыннан 620 мың теңгенің металл бұйымдары ұрланды

Қарағанды облысында кәсіпорыннан 620 мың теңгенің металл бұйымдары ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қазанда Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ Топар полиция бөліміне ауыл шаруашылығына арналған бұйымдарды өндіретін кәсіпорыннан ұрлық туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер ұрының металл бұйымдарын ұрлағанын анықтады. Бес темір шарбақ, он бес сөре, комбайнның моторы, темір есік секілді ұрланған бұйымдардың шығын көлемі 620 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру