Қызылордада “жұмысқа тұрғызып беремін” деп тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды
Қызылордада “жұмысқа тұрғызып беремін” деп тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қазанда алаяқтың құрбаны болған 52 жастағы жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған. Осы жылдың мамыр айында әйел тұрғынның күйеуі мен баласын Денсаулық үйіне жүргізуші етіп жұмысқа орналастырып беремін деп уәде беріп, арызданған азаматшадан 286 мың теңге ақшасын алған. Көп ұзамай алаяқ әйел телефон қоңырауларына жауап беруді қойған. Бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналастырылу мәселесі шешілмегендіктен, жәбірленуші полицияға арыздануға мәжбүр болды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 41 жастағы алаяқ әйел қолға түсті.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.