Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда 16 жастағы жасөспірімнен ақша бопсалаған жігіт ұсталды

Көкшетауда 16 жастағы жасөспірімнен ақша бопсалаған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қарашада Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 16 жастағы тұрғынынан ақша қаражатын бопсалау фактісі туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Тергеу-жедел іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 31 қазанда кешкі сағат 20.00-де қаскүнем күш көрсетемін деп қорқытып, жәбірленушіден ақша қаражатын, сондай-ақ «Redmi» маркалы ұялы телефонын тартып алғанын анықтады. Шығын сомасы 65 000 теңгені құрады.

Полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің жеке басын жедел анықтады, ол 19 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 194-бабы 1-бөлігі (Қорқтып алу) бойынша сотқа дейінгі іс басталды.

Естеріңізге сала кетейік, баптың санкциясы қылмыстың осы түрін жасағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру