Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері тұрғынның жоғалған малын тауып берді

Ақмола полицейлері тұрғынның жоғалған малын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қарашада шамамен түнгі сағат 01:00-де Бурабай АПБ кезекші бөліміне Щучинск қаласының тұрғынынан телефон хабарламасы келіп түсті. Ер адам өзіне тиесілі қорадан белгісіз біреулер үш бас бұзау ұрлап әкеткенін айтты.

Кезекші жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеген кезде құрамында аға лейтенант Мұхарбек Сұлтанов пен лейтенант Данияр Жаманбалинов бар Бурабай АПБ патрульдік полиция батальонының экипажы айналаны тексеруге аттанды.

Өтініш беруші қаланың шетінде тұрғандықтан, патрульдік полиция қызметкерлері жақын маңдағы дала аймағын тексеріп, 50 минут ішінде жоғалған малды тапты.

Қуанып қалған мал иесі Бурабай АПБ бастығы Қанат Камиевтің атына жедел жұмысы үшін полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыс хат жазды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру