Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Учаске” іс-шарасы: атыраулық полицейлер 10 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады

Атыраулық полицейлер 10 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының учаскелік полиция инспекторлары “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 60 мыңнан астам пәтер мен үйді аралап шықты. Іс-шараның негізгі мақсаты – қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату.

Мәселен, әкімшілік учаскені аралау барысында №10 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары бір айдан астам мерзімде тұрғылықты жері бойынша тiркеусіз тұрған 25 жастағы азаматты анықтады. Аталған факті бойынша оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, 20 418 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, пәтерді жалға беру дерегінің заңдылығын тексеру мақсатында мәліметтер Атырау қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

Жыл басынан бері дәл осындай құқық бұзушылықты жасаған 1500-ға жуық тұлғаға әкімшілік айыппұл салынса, “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы барлығы 10 мыңға жуық азамат әр түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру