Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның көлігінен есірткі затын тапты

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның көлігінен есірткі затын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғынның есірткі затын сақтап жүргендігі туралы хабарлама келіп түскен. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) тіркеуге алынып, қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері түскен хабар бойынша күдіктіні іздеуге бірден кірісті.

Осылайша Отырар ауданындағы көшелердің бірінен түнгі сағат 01:30 шамасында “Ваз-21099” маркалы автокөлігімен кетіп бара жатқан күдікті ер азаматты тоқтатады. Одан көліктің құжаттарын сұрап, әңгіме жүргізу барысында жүргізушінің күмәнді іс-әрекетін байқайды. Содан соң тексеру барысында автокөліктің жүргізушісі отыратын орындығының астынан сіріңке қорабына салынған өткір иісті есірткіге ұқсас затты табады.

Аталмыш жайтқа байланысты автокөлік ішінен алынған затты арнайы сараптамаға жібереді. Сараптама қорытындысына сәйкес, көліктен табылған зат жалпы салмағы 1,5 грамға жуық “кептірілген марихуана” екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда орын алған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға денсаулыққа қасақана зиян келтіруге жол бермеу керектігін ескертеді. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, жат әдеттерден аулақ болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру