Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында еркін жайылымнан бірнеше рет мал ұрлаған үшеу анықталды

Ақтөбе облысында еркін жайылымнан бірнеше рет мал ұрлаған үшеу анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанда мал ұрлығы ауыл тұрғындары үшін жаппай құбылыс және елеулі мәселеге айналды. Көбінесе мал ұрлығына жауапты адамдар мен азаматтардың өз міндеттеріне немқұрайдылық танытуы ықпал етеді, себебі өз малдарының жоғалмасы үшін қажетті шараларды қолданбайды. Көбінесе қаскүнемдер малды бірден сойып тастайды, етін сатып жібереді, кейін кінәсін дәлелдеу оңайға соқпайды.

Мысалы, ағымдағы жылғы 1 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Хромтау аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Хромтау ауданының аумағында еркін жайылымнан бірқатар мал ұрлығын жасаған үш ер адамды анықтап, ұстады.

Тергеу барысында олардың ағымдағы жылдың екі айында шамамен 3-4 күн сайын Хромтау ауданының аумағында малды еркін жайылымнан ұрлағаны анықталды.

Күдіктілердің бірінің айтуынша, ол малды еркін жайылымнан айдап әкетіп, тыс жерге апарып, байлап қойған. Кейін сыбайластарына хабарласып, олар “Газель” автокөлігіне кем дегенде үш бас малды тиеп, Ақтөбе қаласына апарған. Олар ұрланған малды базарда кесіп, сатқан, не болмаса тірі малды Ақтөбе қаласындағы мал базарына апарған және тірідей сатқан.

– Заттай дәлелдемелер тәркіленді – бұл бір жылқы, ұрланған малды тасымалдайтын “Газель” автокөлігі. Сондай-ақ, Ақшат кентінде ұсталғандардың бірінің үйінің жанында бес ірі қара терісі, осы үйден ірі қараның үш аяғы, екі пышақ, арқан тәркіленді, – деді ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Серік Шалхаров.

Қазіргі уақытта Хромтау ауданының аумағында бұрын жасалған мал ұрлығының тоғыз фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау үшін жәбірленушілерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

ҚР ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті Сіздің мүлкіңізді сақтау мақсатында барлық алдын алу шараларын қабылдауды сұрайды. Көп жағдайда полиция ұрланған емес, жоғалған жануарларды іздеуге мәжбүр. Малды қараусыз қалдырмаңыз, малды таңбалаңыз. Қоршалған аумақтарда мал жаюды ұйымдастырыңыз, жалдамалы қызметкерлердің қызметтерін пайдаланыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру