«Керуендегі» жігітті соққыға жыққан күдіктіні астаналық полицейлер ұстады
«Керуендегі» жігітті соққыға жыққан күдіктіні астаналық полицейлер ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 9 қарашасында сағат 21.30 шамасында «102» арнасына Достық көшесі бойындағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында белгісіз біреулер төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Полиция қызметкерлері 17 жастағы екі қызға жігіттердің келіп, танысқысы келгенін, оған кәмелетке толмағандардың бірі жақын жерде 19 жастағы ағасын шақырғанын анықтады. Келген бойда жастар арасында жанжал туып, төбелеске ұласқан.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдікті ұсталды. Ол 31 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.
Аталған факті «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Сауда орталығының жанынан полицияны жедел шақыру терминалы орнатылып, тәулік бойы патрульдеу жүргізілуде.
Сондай-ақ, заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда дереу полицияға немесе 102 нөміріне хабарласу керектігін еске салады.