«Мұндайды тек кинода ғана көрдім»: петропавлдық полицейлер 3 сағаттың ішінде ұрлықты ашты
Петропавлдық полицейлер үш сағаттың ішінде ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД электрондық поштасына Петропавл тұрғынынан алғыс хат келіп түсті. Әйел Сицилиядағы қызында қонақта болған, жарты жылдан кейін үйіне оралған ол пәтерінен сомасы екі миллион теңгеден астам құнды заттар мен киім-кешектерінің жоғалғанын байқаған. Ол Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөліміне жүгінген, алайда істің нәтижелі болуына күмәнданған, өйткені ұрлық нақты қай уақытта жасалғаны белгісіз еді. Тәртіп сақшылары үш сағаттан соң оған күдікті анықталғанын хабарлаған және ұрланған мүліктің табылған бөліктерін тануға шақырған.
– Бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов, оның орынбасары Талғат Смағұлов, тергеуші Светлана Балашова, криминалист Қайрат Шайпин мен менің мәселем бойынша жұмыс істеген басқа да қызметкерлерге, жылдам әрі жедел атқарған істеріне алғыс білдіремін! Мен полицияның жұмысына тәнті болдым, мұндайды тек кинодан ғана көрген едім, — деп жазған жәбірленуші.
Қазіргі уақытта, бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжановтың айтуынша, ұрланған заттардың барлығына жуығы тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылған.
– Ұрлықтың жедел ашылуына белгілердің айқындылығы септігін тигізді. Қызметкерлер тек өз міндеттерін орындады. Дегенмен, епті атқарылған іске білдірілген алғыс сөздер алдағы уақытта қызметімізге қолдау және мақсатқа жетуге негіз болады, – деді бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.