Түркістан полицейлері Ресейден әкелінген көлікті айыптұраққа қойды
Түркістан полицейлері Ресей Федерациясынан келген автокөлікті айыптұраққа қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара ауданында полиция қызметкерлерімен бірге жыл басынан бері Ресей Федерациясынан әкелінген 190 көліктің жүргізушілеріне әкімшілік хаттама толтырылып, оның 35-і айыптұраққа қойылды. Осыған байланысты шардаралық полицейлер тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Яғни Ресейден әкелінген автокөліктердің құжаттарын рәсімдеу үшін ҚР заңнамасына сәйкес автокөлік тіркелген мекенжайға барып, техникалық байқаудан өтуі міндетті екендігі түсіндірілді.
Ал электронды түрде міндетті техникалық байқаудан өткен автокөлік пайдалануға жарамсыз болып табылады. Осы тұста тәртіп сақшылары аталған жайттар орын алған жағдайда ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік шара көрілетінін ескертті.
Сондықтан өзіңіздің Ресейлік автокөлігіңіз болса, құжаттарының заңды болуына көз жеткізіңіз.