Таразда әйел тұрғындарды 45 млн теңгеге алдап кетті
Таразда әйел тұрғындарды 45 млн. теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы полиция бөліміне облыс орталығының тұрғындары арызданды. Олардың айтуынша, 2021 жылдың сәуір-тамыз аралығында бейтаныс әйел сенімге кіріп, ломбардқа алтын бұйымдарын уақытша өткізгені үшін ақшалай сыйақы беремін деп алдаған. Анықталғандай, әйел жалпы құны 45 миллион теңгеден астам тұратын алтын бұйымдарды иемденіп кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен 31 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындап, қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағымен (Алаяқтық ) жүргізілуде.
Мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға көрсетілген.