Петропавл полицейлері адамдарды өрттен құтқарған әскери қызметкерлерді марапаттады
Петропавл полицейлері адамдарды өрттен құтқарған әскери қызметкерлерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күн сайын 150-ден астам әскери қызмет полицияның күш құрамында қала көшелерін 50 бағыт бойынша патрульдеуге шығады. Олар полицейлермен иық тіресе қоғамдық тәртіпті сақтауда. Қарашаның 15-не қараған түні Абай көшесі бойында әскери қызметкерлердің назарына масаңдық белгілері бар ер адам түседі, олар жақын маңдағы учаскелік полиция пунктіне жеткізеді. Тексеру кезінде ер адамнан өсімдік тектес зат салынған орама табылды. Аталған факті бойынша процесстік шешім қабылданды.
– Әскери қызметкерлердің құқықтық тәртіпті сақтауға қатысуының оң тұстары көп. Олардың ішінде қоғамдық тыныштықты бұзушыларды ұстау, қиын жағдайда адамдарға қол ұшын беру. Қарашаның 8-і күні үш әскери қызметкер №2 қалалық аурухана ауданындағы жылу коллекторынан жалынды байқайды. Ішінде тұрғылықты мекенжайы жоқ екі адам болған. Өз өмірлерін қатерге тігіп, оларды өрттен аман алып қалды, – дейді Петропавл қ. ПБ бастығы Жандос Мұқатов.
Қарашаның 12-сі қойылған міндеттерін адал атқарғандары, сондай-ақ Петропавл қ. аумағында жаппай іс-шараларды өткізу кезінде тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқандары үшін полицияның кешенді күштері мен құрылымдарының гарнизондық таратылуында 14 әскери қызметкер алғыс хаттармен марапатталды.
Жыл басынан әскери қызметкерлердің қатысуымен сегіз қылмыс пен 139 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 120-дан астам қоғамдық тәртіпті бұзушы полицияға жеткізілді.