Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада «мал сатумен» айналысқан алаяқ ұсталды

Қызылордада «мал сатумен» айналысқан алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қараша Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 29 жастағы жергілікті қала тұрғыны арызданған. 1 қараша сағат 13:00 шамасында алаяқ 21 бас сиырын сатып аламын деп сеніміне кіріп, сатып жіберген. Алайда сатылған малдың ақшасын иесіне қайтармаған.

Сол күні ұқсас қылмыс бойынша 2 бірдей қала тұрғынынан арыз келіп түсті. Екі жәбірленушіні алдап, сенімдеріне кіріп, 30 бас жылқыларын сатып жіберіп, ақшасын иемденгені анықталды. Келтірілген залал – 4 миллион 250 мың теңге.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол 30 жастағы алыпсатар саудагер болып шықты. Қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, осы қылмыстарды жасағанын мойындады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық, бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі таңда алаяқтың басқа да істерге қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру