Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда ұрылар зауыттан 5 млн теңгенің өнімін жымқырып кетті

Жамбылда ұрылар зауыттан 5 млн теңгенің өнімін жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл ауданының полиция бөліміне ЖШС директоры хабарласып, 10-18 қараша аралығында белгісіз адамдар зауыт аумағындағы екі жүк вагонын ашып, жалпы құны 4 735 000 теңге көлеміндегі «натрий триполифосфаттың» 484 қабын, яғни 12,3 тонна өнімді ұрлап кеткендігі туралы шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар Тараз қаласының 28 жастағы және Жамбыл ауданының 30 жастағы тұрғындары болып шықты.

Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру