Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда рульге ие бола алмай қалған әйел ағашқа соғылды

Екібастұзда рульге ие бола алмай қалған әйел ағашқа соғылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қарашада сағат 08.40 шамасында көлік жүргізу құқығы жоқ 28 жастағы әйел BMW маркалы автокөлігін басқарып, М.Жүсіп көшесі 99-ғимаратқа қарама-қарсы келе жатып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, рульді басқара алмай, қарама-қарсы жолдың жиегіне шығып, ағашқа соғылған.

Оқиға салдарынан әйел Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды.

– Әйелдің масаң күйде еместігі анықталды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. ҚР ӘҚБтК-нің 610-3-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды, – деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Қайыржан Шакарғалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру