Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мемлекеттен жәрдемақы: алаяққа алданған мақтааралдықтар полициядан көмек сұрады

Түркістан облысында алаяқтық жасап, екі тұрғыннан алаяқтық жолмен ақша алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданы ПБ-ның қызметкерлері «мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны шығарып беремін» деп екі бірдей жергілікті тұрғынды сан соқтырған күдікті ер адамды ұстады.

Яғни аудандық полиция бөліміне жәбірленуші әйел мен ер адам арызданып келген. Олардың айтуы бойынша, сырттай танысы бірінен 180 мың теңге, екіншісінен 110 мың теңге ақша алған. Осылайша оларды үш ай бойы алдап, жәрдемақыны алып бермей, не ақшаларын қайтармай жүрген. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК 190-бабы (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Хабар алысымен полиция қызметкерлері алаяқтық қылмысын ашу мақсатында оқиға орнына жетті. Полицейлердің жан-жақты жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдіктінің жеке-басы анықталды. Оны бірден ПБ-ға жеткізді. Күдікті ер адам жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушілерден алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және артық сенімсіздік көрсетпеу қажеттігін ескертеді. Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда «102» телефоны бойынша полицияға тез арада хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру