Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері бөтелкелесін пышақтап өлтірген күдіктіні ұстады

Ақмола полицейлері бөтелкелесін пышақтап өлтірген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазанда сағат 17.45-те Бурабай ауданының ПБ учаскелік полиция инспекторы әкімшілік учаскені аралау кезінде Щучинск қаласының көпқабатты тұрғын үйінің пәтерінде зорлықпен өлім белгілері бар ер адамның мәйітін тапты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы келді. Полиция қызметкерлері 45 жастағы жергілікті тұрғын екі пышақ жарақатын алып, қайтыс болғанын анықтады.

Бурабай АПБ криминалист маманы Тоқсанбай Ботаев оқиға болған жерді тексеру кезінде қол саусақтарының іздерінен 27 таңба тауып, шайындылар, микробөлшектер, ДНҚ үлгілері және т.б. тәркіленді.

Мұқият жүргізілген дактилоскопиялық зерттеулердің нәтижесінде криминалист маман күдіктінің жеке басын анықтады, ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған Жақсы ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.

Бірнеше сағат ішінде жедел уәкілдер Нұр-Сұлтан қаласында күдіктіні іздестіріп, ұстады. Ер адам кінәсін мойындап, ішімдік ішу кезінде ол мен қылмыс құрбаны арасында қақтығыс болғанын, оның нәтижесі кісі өлтіру болғанын айтты.

Қазіргі уақытта күдікті Бурабай ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру