Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облыстық ҚАЖД мекемесінде орыс драма театры спектакль қойды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №19 қауіпсіздігі аралас мекемесінде, Семей қаласының Ф.Достоевский атындағы орыс драма театрының әртістері спектакль қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қойылымның мақсаты – жер бетінде жақсы адамдар көп екендігін сотталғандарға атап өту және еске салу.

№19 қауіпсіздігі аралас мекеме іші, алдағы болатын спектакль мен әртістердің жоспарлы келуі туралы афиша ілінген күннен, ерекше бір толқыныс пен біраз әбігерге толды.

Актерлік топ қауіпсіздігі аралас колониядағы сотталғандар үшін сахнада “Өмір сүру… Өмір сүру… Өмір сүру…” атты Василий Шукшиннің бірнеше әңгімесі бойынша жазылған спектакльді сахналады.

– Бүгінгі біздің көрермендеріміз біршама ерекше екендігі белгілі, мүмкін олар театр өнеріне тәнті де емес болар. Мен көрерменге комедияның негізгі идеясын жеткізіп, адам болмысының шынайылығы мен болмысын актерлік ойын, қол қимылдары, эмоциялар арқылы жеткізгім келеді, – деді театр режиссері Андрей Глушков.

– Біріншіден, мұндай іс-шаралар сотталғандардың күнделікті өмірлерін түрлендіреді, екіншіден, олардың түзелуіне және қайта тәрбиелеуіне оң ықпал етеді. Бүгін келген театр ұжымына алғысымыз шексіз, – дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру