Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында ЖПІШ аясында 3500-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді

Маңғыстау облысында ЖПІШ аясында 3500-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында 10-17 қазан күндері аралығында “Заңсыз тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Шара аясында облысымызда барлығы 3423 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде, белгіленген жылдамдықты шамадан тыс асырудың 856 дерегі тіркелді.

Ал 572 тұлғаға патрульдік полицейлермен ҚР ӘҚБтК-тің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша хаттамалар жасақталды.

Маневр жасау қағидаларын бұзған 184 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Автокөліктің міндетті сақтандыру заңнамаларын сақтамаған 108 жүргізуші анықталып, әкімшілік кодекстің 230-бабы 2-бөлігімен хаттамалар толтырылды.

Іс-шара аясында айыптұраққа 176 көлік қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру