Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтау дерегі анықталды

Маңғыстау облысында ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтау дерегі анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.

2026 жылғы 6 тамызда сағат 22:00 шамасында келіп түскен жедел ақпарат негізінде Мұнайлы ауданының Атамекен ауылындағы шаруашылық нысандарының бірінде тінту жүргізілді.

Тінту барысында өсімдік тектес зат — марихуана салынған бес қап табылып, тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 83 келі 300 грамды құрады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

27 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру